26
июнь
2018
Родителям кеңес беру

Біріншіден сөйлеуі, сөздерді байланыстыра алу керек, сөздік қорында 1500 сөзі бар 500-ден 600-ге дейін белсенді қолданады. Бірақта кейбір дыбыстарды айта алмайды, мысалы «р», бірақ айтуға міндетті.
1.Ата-аналардың атын, аты-жөнін толық;
2.Бес сөзден тұратын сөздерді;
3.Ертегі, қысқа тақпақтарды;
4.Қоршаған ортадағы заттарды;
5.Картина, сурет бойынша әңгімелеу;
6.Жекеше және көпше түрде сөздерді қолдану:
7.Сын есіммен байланыстыра немесе затты сипатау;
8.Дұрыс ажырата білу (үлкен -кіші, ұзын -қысқа);
9.Сұраққа жауап беру және сұрақ қою;
Осы айтылған бойынша ересектер баламен көп сөйлесіп, қысқа ертегі айтып беру, ән мен тақпақ үйрету, сұрақтар қойып, оның жауабын тыңдап, ең басты не сезгені мен есте сақтауына көңіл бөлу керек.
Екіншіден, үш жасар баланың ойлау қасиеті, яғни тікелей сөйлеуіне байланысты. Бала көргенінің бәрін түсіндіріп айтуға тырысады және қорытынды шығарады.
1.Логикалық ойлау арқылы мысалы: егер күн шықса-күндіз, егер ай болса онда - түн.
2.Заттардың артығын анықтау,салыстыру, топтау, ажыратады, (көкөністі жемістен, домжанураларын жабайы аңдардан т.б.)
3.Жақын арада не болғанын есіне түсіріп айтады.
4. Сегіз элементтен тұратын үстел үсті үлкен пазлы жинайды. Пирамиданы дұрыс жинау, үлкенннен кішкентайына қарай. Шаршыларды түсіріп алмай бірінің үстіне бірін қояды.
5.Саусақтармен беске дейін санау, көп пен азды білу.
Үшіншіден баланың ұсақ моторикасын дамыту, яғни білу керек:
1.Ұсақ заттарды біртіндеп жинау;
2.Жіпке үлкен моншақты тағу;
3.Ермексаздан дөңгелектеп жапсыру;
4.Қауіпсіз қайшымен қағазды дөңгелектеп қию;
5.Қиын емес мозайканы жинау;
Төртіншіден тұрмыстық дағдылар, баланың жеке жасауы;
1.Киімді алдына қаратып өзі киеді, оң жақ пен сол жақты ажыратып өзі киінеді;
2.Өз заттарын біледі, тіс щеткасы мен сүлгісі;
3.Киімінің түймесін іле алады;
4.Өз ойыншықтарын жинап орнына қояды, шаршыны қорапқа, жұмсақ ойыншықты сөреге, басқаларын себетке салады;
5.Тамақтанар алдында қолын жуып, сүлгімен сүртеді;
6.Тамақты төгіп шашпай таза тамақтанады;
7.Тамақтану кезінде майлықты қолданады;
8.Көшеден келгенде сыртқы киімін, аяқ киімін өзі шешеді.
Егер бала бұларды істей алмаса ата- аналардың жіберіп алған қателіктері болып саналады.
Бесіншіден, қозғалыс дағдылары, үлкен белсенділікті білдіреді. Үш жастағы бала емін еркін қозғалады, тепе- теңдік толығымен жетілген, өз мүмкіншілдігін толығымен біледі:
1.Бала тез жүгіреді;
2.Доппен аяқ пен қолмен ойнайды;
3.Баспалдақпен жүреді;
4.Төбешіктен өзі сырғанап түседі және көтеріледі;
5.Аяқтың ұшымен жүреді. Тепе теңдікті сақтайды;
6.Артпен жүреді;
7.Үш дөңгелектң велосипедпен жүреді;
8.Бірақ аяқпен тепе теңдік сақтап жүре алады;
9.Дөңгеленіп айнала алады.
Алтыншысы, интеллектуальды және эмоциялық дамуы ойлау қабілеті, есте сақтау.
1.Балалардың ойнайтын алаңы, үйге қайту жолдарын біледі;
2.Бір нәрсеге ғана көңіл бөледі;
3.Қиялдайды;
4.Жеке пікірін білдіреді;
5. Ата- аналармен пікірталасады;
6.«Мен» деген тұлғада өзін білдіреді.
Психологтардың айтуынша үш жастағы бала күйзеліске түскенде ата - аналардың айтқанын тыңдамай кетеді. Сол кезде бір қалыпқа келу үшін баланы түсіну керек, егер түсінбесе бала ашуланшақ болады.
Жетіншісі, әлеуметтік жағдай дағдылары, баланың басқа адамдармен қарым- қатынасы, яғни ата- аналармен емес құрдастармен қарым -қатынасы
1.Басқа балалармен тез тіл табысады, ұжымда жеке ойынағысы келеді.
2.Бірлесіп ойнаған ойынның ережелерімен бөлісе ойнайды.
3.Ойын кезінде қауіпсіздікті қадағалайды, болдырмауға тырысады.
4.«Сау болыңыз, сәлеметсіз бе, рахмет» сөздерін түсініп айтады.
Теги:
кеңестер