Денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясы туралы
Дәрігерлер кеңесі: Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады?Денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясының алдын алу және оның алғашқы белгілері жөніндегі жадынамаларды таратты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. Менингококк инфекциясы – ауруды белгісіз тасымалдаушы, назофарингит (мұрын мен жұтқаншақтың қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанның зарарлануы) секілді түрлі клиникалық белгілері бар бактериялар