5.Оқу-тәрбиелік жұмыс
Қазіргі замандағы білім беру сапасы педагог-мамандардың кәсіби шеберліктеріне, тәжірибесі мен біліміне байланысты. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде педагогикалық құрылымның сапасы сұрыпталу бойынша жүргізілінеді. Қызметкердің лауазымдық міндеттері мекеме жарғысымен, мектепке дейінгі мекеме тәртібіне сай нормативтік-құқықтық құжаттарға сай, уақытылы, парасатты, жүйелі іске асырылады. Мектепке дейінгі мекеменің оқу жоспары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың ережелеріне сай жасалынған. Тәрбиеленушілердің оқу қызметінің ұзақтығы мен жас ерекшелігі ескерілген. Базалық оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шеңбері белгіленген. Оқу қызметінің тиімділігі балалардың жағымды көңіл-күйіне байланысты болады. Оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесі педагогикалық кеңесте және 5 минуттық жиналыстарында қаралып отырылады.
Ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан қабілетті жеке тұлға тәрбиелеуге, рухани және дене тәрбиесінің жетілуіне педагогтардың тәрбие беруде ықпалы зор.
Тәрбиешілер, мамандар балаларға берілетін білімнің сапалылығына, меңгеруіне жеңіл де тиімді болуына әртүрлі ойындар, көркем де әдемі көрнекіліктерді, ғажайып сәттерді, жаңашыл тәсілдерді енгізіп, білім алу қажеттілігін ынталандырады.
Оқу-тәрбие жұмысында жеке тұлғаны адамгершілікке, ақыл-ойының және сана сезімінің жетілуіне, рухани байлығын және эстетикалық сезімінің дамуына қор жинақталуына жағдай жасалынған. Көрсетілген мақсатқа жетуде келесі қызмет түрлеріне іске асырылады:
- балаларды тереңдетілген тұлғалық-бағдарлы тәрбиелеу және оқыту, мектепке дайындау, баланың физиологиялық және психикалық денсаулығын нығайту, түзету және қалыптаестыру;
- балаларды жан-жақты дамыту, балалардың қызығушылығы мен ата-аналар арқылы балалармен жұмыс істеудің жаңа түрлері мен әдістерін құру және енгізу;
- 5-6 жастағы балаларды бастауыш білім берудің алғашқы сатысына дайындау;
- қызметкерлердің балабақша үшін үлес қосқан еңбектерін марапаттау;
- қызметкерлердің шығармашылық дамуына жағдай жасау;
- қоғамымыздың әрбір мүшесінің құқығын қорғау.
Бүгінгі таңда, еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнымен қамтамасыз ету міндеті тұр. Адам тәрбиелеу – ең қиын да жауапты жұмыс. Сол қиындықты терең сезінетін, үлкен жүректі, ізгі ниетті адам ғана тәрбиеші бола алады. Ол үшін әрбір педагогтің бойында терең білім, өз ісіне деген төзімділік, мейірімділік, адамгершілік қасиеттері болу керек.
Балабақшамыздың жеткен жетістіктеріне тоқталар болсақ,
2019 жылы – «Нұрлы Жастар – болашаққа жол бастар» атты жасөспірімдер арасындағы Республикалық көркем сөз, ән-би байқауында «Хореография» номинация бойынша Лауреат I дәрежелі дипломмен марапатталды.
2019 жылы – «Жаңа ғасыр таланттары -2019 жыл» өскелең ұрпақ жылына арналған қалалық X «Балапан» музыкалық балалар байқауында «Жезтаңдай әнші» номинациясы бойыншатәрбиеленуші Головина Руфина Валерьевна Государственное коммунальное казенное предприятие білім басқармасы III дәрежелі дипломмен марапатталды.
2020 жылы - Бостандық ауданының оқу бөлімі: «Пай-пай балақай!» I қалалық мектеп жасына дейінгі балалардың аудандық байқауында дипломмен марапатталды.
2021 жылы Бостандық ауданының оқу бөлімі: «Театрдың ғажайып әлемі» «Көлеңке театры»- «Алтын балық ертегісі» аудандық байқауында III - орын мадақтама алды.
2021 жылыБостандық ауданының оқу бөлімі: Педагогтардың «Шексіз талант» аудандық байқауында «Бейнелеу, декоративті-қолданбалы өнер» номинациясы бойынша бас жүлде алды.
2021 жылыБостандық ауданының оқу бөлімі: Педагогтардың «Шексіз талант» аудандық байқауында «Вокал» номинациясы бойынша III - орын алды.
Мектепке дейінгі ұйымда патриоттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарға байланысты мемлекеттік рәміздер күніне, тіл мерекесіне, қала күніне, «Елбасы жолы» тақырыптық оқу қызметтері, «Алтын күз», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні», «Кел жаңа жыл!», «Ана – өмір шырағы!», «Ұлыстың ұлы күні», «Мәңгі есімізде» ертеңгіліктері , дене шынықтыру ойын-сауықтары және денсаулық күндері өткізіліп тұрады. Осы іс-шараларға байланысты көрмелер, байқаулар өткізіледі. Осы жұмыстардың барлығына балалар, педагогтар, ата-аналар белсенді қатысады. Жыл бойы ата-аналар мектепке дейінгі ұйымдарда болып жатқан мерекелерге, ойын-сауықтарға, жарыстарға өз ықыластарымен қол ұшын созады.
Балаларды мектепке дайындау сапасы
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға , жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі: балалардың білуге деген құмарлығын дамыту; балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту: балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту; тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастармен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу).
Балалардың санасында салауатты өмір салты жайлы түсінікті қалыптастыра отырып, балабақша қызметкерлерімен ата-аналары арасында тығыз байланыс орнатылған.
Балалардың тамақтануына үлкен көңіл бөлінеді. Күнделікті тамаққа көкөністер, сүтті, балық тағамдары, тәтті тоқаштар, ірімшік , сапалы балғын жемістер, шырындар мен сусындар беріледі.
Балабақшада балалар денсаулығын жақсарту шаралары
Балабақшада балалар денсаулығын жақсарту үшін төмендегі әр түрлі кешенді іс-шаралар жүргізіледі:
Йодтық тапшылықтың алдын-алу шаралары үнемі және жүйелі түрде жүргізіліп келеді;
Тұмаудың алдын-алу шаралары:оксолиндік жақпа майы, лимон сусыны, пияз, сарымсақ алқасы.
Балалар денсаулығын жақсарту бойынша медициналық алдын-алу кеңесінің жүйелі жұмысы бала денсаулығының күшеюіне ықпал жасайды, әсіресе жиі ауыратын балалар тобымен жүргізілген жұмыс нәтижесін айта кету керек.
Науқастану және қатысу қорытындысы
Оқу жылы | |||
2019 | 2020 | 2021 | |
саны | саны | саны | |
Орындалған күндер | 11900 | 13428 | 12650 |
Науқастық күндер | 920 | 1340 | 1492 |
Суық тиіп ауырған балалар | 460 | 670 | 746 |
Жалпы науқас көрсеткіші | 460 | 670 | 746 |
Аурудың пайыздық көрсеткіші | 3% | 4% | 5% |