Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ата-аналарға кеңес беру

Автор: admin от 26-06-2018, 00:37, посмотрело: 38

0 3-жастағы бала не істей алады?

Әрбір үш жастағы бала жеке бағдарлама бойынша қарқынды дамиды. Күн сайын әр ата- ана баланың жаңа жетістіктерін байқайды. Екі, үш жастағы бірдей балалар жоқ, бірақта үш жастағы баланың қандай дағдылары болу керек, келесіде:
Біріншіден сөйлеуі, сөздерді байланыстыра алу керек, сөздік қорында 1500 сөзі бар 500-ден 600-ге дейін белсенді қолданады. Бірақта кейбір дыбыстарды айта алмайды, мысалы «р», бірақ айтуға міндетті.
1. Ата-аналардың атын, аты-жөнін толық;
2. Бес сөзден тұратын сөздерді;
3. Ертегі, қысқа тақпақтарды;
4. Қоршаған ортадағы заттарды;
5. Картина, сурет бойынша әңгімелеу;
6. Жекеше және көпше түрде сөздерді қолдану:
7. Сын есіммен байланыстыра немесе затты сипатау;
8. Дұрыс ажырата білу (үлкен -кіші, ұзын -қысқа);
9. Сұраққа жауап беру және сұрақ қою;
Осы айтылған бойынша ересектер баламен көп сөйлесіп, қысқа ертегі айтып беру, ән мен тақпақ үйрету, сұрақтар қойып, оның жауабын тыңдап, ең басты не сезгені мен есте сақтауына көңіл бөлу керек.
Екіншіден, үш жасар баланың ойлау қасиеті, яғни тікелей сөйлеуіне байланысты. Бала көргенінің бәрін түсіндіріп айтуға тырысады және қорытынды шығарады.
1. Логикалық ойлау арқылы мысалы: егер күн шықса-күндіз, егер ай болса онда - түн.
2. Заттардың артығын анықтау,салыстыру, топтау, ажыратады, (көкөністі жемістен, үй жанураларын жабайы аңдардан т.б.)
3. Жақын арада не болғанын есіне түсіріп айтады.
4. Сегіз элементтен тұратын үстел үсті үлкен пазлы жинайды. Пирамиданы дұрыс жинау, үлкенннен кішкентайына қарай. Шаршыларды түсіріп алмай бірінің үстіне бірін қояды.
5. Саусақтармен беске дейін санау, көп пен азды білу.

Үшіншіден баланың ұсақ моторикасын дамыту, яғни білу керек:
1. Ұсақ заттарды біртіндеп жинау;
2. Жіпке үлкен моншақты тағу;
3. Ермексаздан дөңгелектеп жапсыру;
4. Қауіпсіз қайшымен қағазды дөңгелектеп қию;
5. Қиын емес мозайканы жинау;

Төртіншіден тұрмыстық дағдылар, баланың жеке жасауы;
1. Киімді алдына қаратып өзі киеді, оң жақ пен сол жақты ажыратып өзі киінеді;
2. Өз заттарын біледі, тіс щеткасы мен сүлгісі;
3. Киімінің түймесін іле алады;
4. Өз ойыншықтарын жинап орнына қояды, шаршыны қорапқа, жұмсақ ойыншықты сөреге, басқаларын себетке салады;
5. Тамақтанар алдында қолын жуып, сүлгімен сүртеді;
6. Тамақты төгіп шашпай таза тамақтанады;
7. Тамақтану кезінде майлықты қолданады;
8. Көшеден келгенде сыртқы киімін, аяқ киімін өзі шешеді.
Егер бала бұларды істей алмаса ата- аналардың жіберіп алған қателіктері болып саналады.

Бесіншіден, қозғалыс дағдылары, үлкен белсенділікті білдіреді. Үш жастағы бала емін еркін қозғалады, тепе- теңдік толығымен жетілген, өз мүмкіншілдігін толығымен біледі:
1. Бала тез жүгіреді;
2. Доппен аяқ пен қолмен ойнайды;
3. Баспалдақпен жүреді;
4. Төбешіктен өзі сырғанап түседі және көтеріледі;
5. Аяқтың ұшымен жүреді. Тепе теңдікті сақтайды;
6. Артпен жүреді;
7. Үш дөңгелектң велосипедпен жүреді;
8. Бірақ аяқпен тепе теңдік сақтап жүре алады;
9. Дөңгеленіп айнала алады.
Алтыншысы, интеллектуальды және эмоциялық дамуы ойлау қабілеті, есте сақтау.
1. Балалардың ойнайтын алаңы, үйге қайту жолдарын біледі;
2. Бір нәрсеге ғана көңіл бөледі;
3. Қиялдайды;
4. Жеке пікірін білдіреді;
5. Ата- аналармен пікірталасады;
6. «Мен» деген тұлғада өзін білдіреді.
Психологтардың айтуынша үш жастағы бала күйзеліске түскенде ата - аналардың айтқанын тыңдамай кетеді. Сол кезде бір қалыпқа келу үшін баланы түсіну керек, егер түсінбесе бала ашуланшақ болады.
Жетіншісі, әлеуметтік жағдай дағдылары, баланың басқа адамдармен қарым- қатынасы, яғни ата- аналармен емес құрдастармен қарым -қатынасы
1. Басқа балалармен тез тіл табысады, ұжымда жеке ойынағысы келеді.
2. Бірлесіп ойнаған ойынның ережелерімен бөлісе ойнайды.
3. Ойын кезінде қауіпсіздікті қадағалайды, болдырмауға тырысады.
4. «Сау болыңыз, сәлеметсіз бе, рахмет» сөздерін түсініп айтады.



Категория: Родителям

 

Ата-аналарға кеңес беру

Автор: admin от 11-06-2018, 00:06, посмотрело: 40

0 2 – жастағы сәби не істей алады?

Балам дұрыс дамып келе ма? - деген сұрақ әр ананың көкейінде жүреді. Екі жастағы бала нені үйрену керек, әр баланың өзінің жеке ерекшеліктері бар. Қазір сіздің балаңыз не істеп жүрсе де, оның жалпы дамуына әсер етпейді. Егер бір бала оңай жасаса, келесі бала оны жасамауы да мүмкін. Бірақта 2 –жастағы балалардың аз болса да дағдылары бар:
Біріншіден физикалық және психологиялық дамуы бір-бірімен тығыз байланысқан.
2 жастағы дені сау бала келесі қимыл-қозғалыстарды өзі жасау керек:
1. Кедергілерді аттап өту;
2. Секіре білу, адымды жүгіріске ауыстыру, шағын баспалдақпен жүру;
3. Доппен қолмен, аяқпен ойнау;
4. Тепе- теңдікті сақтау, биік емес жерлермен жүру;
5. Кітапшалардың әр беттерін ашып көру;
6. Музыка арқылы билеу;
7. Көлденең, тігінен сызықтарды қарындашпен немесе бормен сызу.
Екі жастағы бала қорқыныш сезімін білмейді, денсаулығына қауіпті болатын әрекеттерді істейді, сондықтан ата-аналар жарақат алып қалмау үшін, әрбір әрекетін қадағалап отыру керек.
Екіншіден, ұсақ моторикасын дамуына көңіл бөлу керек, өйткені баланың сөйлеуін дамуы осыған байланысты. Үлкен заттарды: моншақты жинау, тесу, тасбұршақпен ойнау, ұсақ тастармен, қорапқа біртіндеп салу арқылы, ермексаз тағы басқа ойындар арқылы ұсақ моторикасы дамиды Екі жастағы балаға заттармен ойнағанда ересек адам қадағалайды, өйткені жұтып қоюға немесе тыныс жолдарына тұрып қалмауын қадағалау керек.
Үшіншіден, екі жасар баланың сөйлеуінің даму ерекшелігі, сөйлеу дағдысы әлі күнге дейін пікір таласта келе жатыр. Кейбір балалар екі жаста ересектермен бірге тақпақтарды қайталайды, кейбіреу тек «ана», «әке» деп қана айтады, бірақ бұл ауытқуға жатпайды. Сөйлеуді дамытуға байланысты факторлар әртүрлі. Ұлдарға қарағанда қыздар ерте сөйлейді. Балабақшаға келген балалар да ерте сөйлей бастайды. Екі жастағы баланың сөздік қоры 200 сөзді құрайды екен.
Сөйлеу дағдылары бойынша:
1.Дыбыстық талдау дұрыс айтылуына байланысты;
2.Үлкендер айтқанын қайталағанда мазмұнын түсінбеу;
3. «Бұл не?»- сұрағына белсенді жауап беру;
4.Өзі туралы үшінші жақта айту;
5.Сөйлемді құрастырғанда үш сөзден жоғары болуы;
6. 3-5 сөйлемнен мәтін құру;
7.Үлкен-кіші, жоғары-төмен, ұзақ-тез ажырата білу;
8.Өзіне таныс заттарды суреттен немесе әрекеттен білуі;
9.Өзінің атын, туысқандарының атын айтуы;
10.Өзінің жасын айтады;
Ең басты ата-аналар балаға анық айту керек, сөздің мағынасын түсіндіріп қайталату керек,
Төртінші, көңіл - күйдің (эмоциональдық) дамуы. Екі жастағы бала түсінеді, ол жеке тұлға оның ойымен санасу керек. Оның эмоциональдық дағдылары келесіден тұрады:
1.Жақындарына шулы эмоцияны көрсетеді;
2.Қуаныш пен наразылығын білдіреді;
3.Өзінің келіспегенін іс-әрекетінде жылау арқылы көрсетеді;
4.Анасымын бірге болғанда, басқа балалармен қызықты қарым-қатынаста болады;
5.Достар іздей бастайды;
6. Ойында немесе бір затқа көңілін ұстай алмайды
Баланы көп уақыт болатын мерекелерге және алыс жолға апаруға болмайды.
Бесіншіден, әлеумет-техникалық дағдылар, бала өз бетімен бірдеңе жасағанда табысты бола бермейді. Сондықтан егер бала мазасызданғанда көмектесе отырып, дұрыс жасалуын түсіндіріп, келесі жолы өзі жасағанда дұрыс шығуын қадағалау керек.
Екі жастағы бала не істей алатыны, ата-аналардың өздеріне байланысты:
1.Өзі тамақ ішіп, тамақты төкпей, түсірмей жеуі;
2.Қолын сабынмен өзі жууы;
3.Ата-аналар көмегімен тісін жууы;
4.Қолғап, бас киімін, шұлығын өзі кие алуы;
5. Аяқ киім мен шалбарын өзі киіну мүмкіндігі;
6. Түбекке сұранады, бірақ шыдамдылығы жетпейді.
Соңғысы, танымдық дағдылары мен ойлары, баланың сөйлеуіне тура байланысты.
Сондықтан ата-аналар баламен көп сөйлесу қажет, барлық әрекетіне көңіл бөлу керек, түсіндіру, көрсету, сұрақтарына жауап беру.
Екі жастағы баланың танымдық дағдылары мыналар:
1.Заттарды ажырата алады: үлкен-кіші, жылы-суық;
2. Өз бетінше 6 -дөңгелекті пирамиданы көлеміне қарай жинайды;
3.8- түсті ажырата алады;
4.Түсі, өлшемі, формасына қарай топтастырады;
5.Негізгі геометриялық пішіндерді біледі; шеңбер, үшбұрыш, шаршы;
6.Жаттығу элементтерін немесе бидің қозғалыстарын қайталайды;
7.Бір затты екінші затқа оңай салады, мысалы, матрешка
8.4-элементтен тұратын пазлды құрастырады.
Екі жастың өзінде бала үлкендерге еліктейді. Сол кезде тыйым салуға болмайды. Үй жинағанда қолына шүберек беріп, шаң сүртуге, еден жууға, ойыншықтарын жинастыруға, анасына пұшпара түюге, ыдыс жууға көмектестіру керек. Баланың қамқорлығына мүмкіндік беріп, мақтап, құшақтап, бетінен сүйіп мадақтап отырған дұрыс.
Егерде сізде баланың сөйлеуінде күмән келтірсеңіз невролог-дәрігерінен кеңес алыңыз, ауытқуы бар ма анықтап, қалай емделу керектігін тағайындайды.

Категория: Родителям

 

Ата-аналарға кеңес беру

Автор: admin от 7-06-2018, 06:07, посмотрело: 127

0 Жаз мезгілінде балаларды шынықтыру

Балаларды жазда шынықтыру, ата-аналарға баланың ағзасын нығайтуға көптеген мүмкіндік береді. Баланы жүйелі түрде шынықтыру үшін – денсаулығына және көтеріңкі көңіл күйіне қолайлы жағдай туғызу керек. Шынықтыру -ол біріншіден иммунитеті нығайтуға көмектеседі және барлық ауруға қарсы күресетін ағзаның қорғау күшін күшейтеді.
Шынықтырылмаған балаларға қарағанда , шынықтырылған балалар аз ауырады, тұмау тию кезіндед де қорқынышты емес, сонымен қатар шынықтыру баланың физикалық және ойлау қабілеттерін жоғарлатуға көмектеседі, жүйе системасын нығайтады.
Егер баланы жастайынан шынықтырса, нәтижесі еркше болады. Бала дәрігерінің айтуы бойынша баланы бір айлық кезінен шынықтырған дұрыс. Шынықтырудың ең қолайлы уақыты – жаз мезгілі.
Басқа жыл мезгіліне қарағанда, жаз уақытында шынықтыруды кеңінен қолдануға болады. Жаз кезінде – үйде, бөлмелерде емес, таза ауада шынықтыру шараларын жүргізуге болатын, керемет жыл мезгілі.
Балаларды жазғы шынықтыру кезінде комлексті шынықтыру процесстеріне кіреді: су процедурасы, ауамен, күнмен, серуендеу, спорт түрлерімен белсенді айналысу, қимылды-қозғалыс ойындары. Осы барлық сауықтыру шараларын таза ауада өткізу керек. Шынықтыру шаралары баланың денсаулығына жас ерекшелігін сәйкес өткізіледі. Сондықтан жеке жұмыс жүргізіледі. Егер баланың денсаулығында кінәрат болса, онда бала дәрігерінен кеңес алу керек.
Жазда су процедурасымен шынықтырғанда балаларды табиғи суларда шомылдырады. Бұл процедура үш жастан, күнделікті біртіндеп бастап үйретеді. Алғашқы кезде бала суда 3-5 минут қана болу керек, содан кейін баланы сүлгімен ұқыпты сүртіп құрғақ киімдер кигізу керек. Әр түскен сайын 3 минуттан көбейтіп отырады. Егер бала шынықпаған болса, суға түсіру процедурасын желді, бұлтты, суық ауа-райында суға түсуге болмайды
Жазда балалардың шынықтыру кезінде ауада сауықтыру ұсынады. Ауа арқылы - жазда жасыл өсімдіктер өсетін, таза ауада: бақшада, саябақта, су бойында алуға болады. Бұл барлық жас ерекшеліктердегі балаларға яғни жылы, желсіз, ашық күнді ауа-райында өте пайдалы.
Алғашқы процедура бастағанда үш жасқа дейінгі балаларды 5 минуттан басталады, күнделікті 3 минуттан қосылады. Ауада - баланы шешіндіріп, жалаңаяқ шөпте немесе құмда жүргізіп, аяғын сүртіп қайтадан аяқ киімін кидіруге болады.
Жаз мезгілінде ауаны, күнді қабылдау өте пайдалы. Балаға күн сәулесі өте қажет, ағзаны Д – дәруменімен толтырады. Алғашқы кезде күнде 10 минут, ары қарай күнделікті 2 минуттан қосылып отырады. Бірақ көп уақыт күннің астында жүруге болмайды, өйткені басынан күн өтіп немес күйіп кетуі мүмкін. Күн ауасын танертен сағат 9. 00 ден 10.00 дейін және сағат 16.00ден 17.00 алуға болады. Күннен қорғайтын крем жағуға кеңес береді.
Жаз мезгілінде бала далада көп уақыт жүру керек. Балабақшада таза ауада күніне 4 шығады. Егер жаз кезінде бала балабақшада емес, үйде болса аулада құрдастармен әртүрлі ойындар ойнауға болады. Қазір барлық аулаларда әткеншек, футбол ойнайтын стадион, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 6-7 жастағы балаларды үлкендердің қарауымен бірге ғана серуендеуге болады.
Жаз мезгілінде балаларды комплексті шынықтыру процедурасын жүргізудің еш қиындығы жоқ, процесске ұқыпты қарап, жағымсыз жағдайларға жол бермеу керек.

Категория: Родителям