16
апрель
2026
Қалалық семинар "Кітаппен жарқын әлемге" жергілікті балалар жазушыларымен кездесу









«Кітаппен жарқын әлемге» тақырыбында қалалық семинар жоғары деңгейде өтті.Бұл ауқымды әрі маңызы зор іс-шараға арнайы қонақ ретінде балалар ақыны, қоғам қайраткері, композитор Қалжанова Жақсыгүл Шәріпханқызы және көрнекті балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың немересі Сатылганова Карлыгаш шақырылды. Бұл — балаларға өнеге көрсету, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған тағылымды кездесу болды.