Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясы туралы

Автор: admin от 5-06-2018, 02:52, посмотрело: 76

0 Дәрігерлер кеңесі: Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады?

Денсаулық сақтау министрлігі менингококк инфекциясының алдын алу және оның алғашқы белгілері жөніндегі жадынамаларды таратты, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Менингококк инфекциясы – ауруды белгісіз тасымалдаушы, назофарингит (мұрын мен жұтқаншақтың қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисі (қанның зарарлануы) секілді түрлі клиникалық белгілері бар бактериялар қоздыратын жіті жұқпалы ауру.

Инфекцияның берілу жолы – ауалы-тамшылы, яғни жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде жұғады.

Белгілері: Бастың қатты ауруы, шөлдеу, құсу, дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бозару, тәбеттің төмендеуі, бөртпе, әлсіздік, арқа және аяқ-қолдардың ауруы.

Аурудың алдын алу үшін мынадай ережелерді сақтаған жөн:

- аурудың алғашқы белгілері (тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бастың қатты ауруы, әлсіздік) пайда болған кезде дәрігерге көріну және басқа нұсқауларын орындау;

- түрлі мәдени-бұқаралық шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне баруды, ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке тазалықты сақтау;

- ғимараттарды жиі желдетіп, күн сайын ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;

- созылмалы инфекция ошақтары ЛОР ағзаларын тазалау;

- тек қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;

- мұздаудан, ашығудан, ұйқының қанбауынан, күйзелістен аулақ болу.

Категория: Информация