9. Ғылыми зерттеу жұмысы
Педагогикалық еңбек - нағыз шығармашылық еңбек, ғылыми зерттеуге жатады. Педагогикалық ұжымның қызметіндегі бұл бағыт көп салалы және педагогты шығармашылық еңбекке деген құштарлығын арттыру, ғылымға ынталандыру, ұжымда мәртебелік жағдайын арттыру үшін маңызды болып табылады. Педагогтар ғаламтордағы әр түрлі ақпараттарды, өз әріптестерінің тәжірибелерін оқып өз білімдерін көтереді. Педагогтардың алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерін жинақтау, зерттеу барысында тәрбиешілердің іс-тәжірибелері басылымдарға жарияланды.
Мектепке дейінгі мекемедегі педагогтар оқу қызметін басқару жұмысында төмендегідей жорамалды пайдаланды:
-оқу қызметіне жоспар жасау және оны жүзеге асыру, шығармашылық дағдыларын дамыту;
-педагогикалық жаңалаық ашуға дайындау;
-ұжымдық қызметте қызметкерлерге қолдау мен қызмет атқаруына жағдайлар жасау.
а) Ұжым қызметі деңгейінде педагогтардың алдыңғы қатарлы
тәжірибесін енгізу, зерттеу
Мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуына әсер ететін балабақша қабырғасында қолданылған педагогтардың көп жылдық жан-жақты тәжірибесі біздің жетістігіміз болып табылады, сондықтан да ол зерттеліп, әріптестердің жұмыстарына енгізілуге ұсынылып отырылады. Педагогикалық ұжым ашық оқу қызметтерін, педагогикалық кеңес, семинарларға қатысып, жаңа заманға сай қарқынды дамып , тәжірибе алмастырылуда.
МДҰ-да ғылыми-тәжірибе әдістемесі-педагогтардың бірлесе әдістемелік сұрақтары және кәсіби мәселелерді бірлесе талқылауы, іс-тәжірибелерді өзара бөлісуі, жас педагогтарды үйрету болып табылады. Әрбір ғылыми қызмет тәжірибеден басталады. Сондықтан, жұмысты жоспарлап, өткізу үшін әр педагогтың белгіленген білімі болуы керек және талдау, зерттеу, дағдыларын білуі керек.
ә) Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуына арналған жаңа,
инновациялы бағдар саласындағы алдыңғы қатарлы
педагогикалық тәжірибені жетілдіру
Қазіргі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиені, адамгершіліктің асыл қасиеттерін қалыптастыру маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Осы ретте ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы балабақшадағы тәлім-тәрбиеге байланысты екені анық. Барлық уақытта баланы қоғамда әдемі, инабатты әдептілікке тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлген. Бағдарламада балалармен, ата-аналармен, педагогтармен жұмыс бағыты, түрлері мен әдістері көрсетілген.
Педагогтардың қызмет сапасы тиімділігінің көрсеткіші кәсіби мәдениет болып табылады. Біздің ұжым қызметінің басты бағыты-жалпы және кәсіби мәдениетін дамыту. Балабақша педагогтарының кәсіби дамуы адамның өз кәсібінің шебері, нағыз кәсіби шебері болып қалыптасу мақсатында жүретін ұзақ үрдіс.
Біздің ұжымда бұл жұмыс әр педагогқа оның шығармашылық еңбекке ынтасы, табиғи қабілеті, ой-пікірі, еңбек тәжірибесі есепке алына отырып, дифференциялды бағдар деңгей ретінде ұйымдастырылған түрлі бағдарламалар қолданылады:
-сенімді жұмыс атқаратын педагогтар;
-ерекше бақылау мен көңіл аударуды талап ететін педагогтар;
-тәжірибесі мол әріптестерінің көмегіне иек артатын педагогтар.
Педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, психологиялық тренингтер, семинар және басқа да жұмыс түрлері өткізіліп, балабақшадағы педагогтармен жүйелі жұмыс жүргізіледі. Дәстүрлі әдіс-тәсілдермен бірге, белсенді тәсілдер, іскерлік ойындар, пікір-сайыс, дөңгелек үстел, ойға шабул, шеберліктерін көрсету сияқты әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданады. Осындай жұмыстың түрлері педагогтардың шеберлігін арттыруда, өзін-өзі бағалауға, әдеби кітаптарды өз жұмысына пайдалана білуіне, ізденімпаздықтарын арттыруға жетелейді. Педагогтардың шығармашылық мүмкіншіліктеріне кәсіби өсу деңгейін, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық мәдениетін, шығармашылығын анықтау үшін мониторинг көрсеткіштері жүргізіледі.